ҚР СІМ Оңтүстік Кореядан «жасыл дәліз» арқылы қанша қазақстандық оралғанын айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореядан «жасыл дәліз» арқылы қанша қазақстандық оралғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шамамен бір ай бұрын алған соңғы деректер бойынша, біздің Оңтүстік Кореядағы заңсыз еңбек мигранттарының саны қысқарды. Біздің шамамен 7-8 мың біздің азаматымыз ол елде заңсыз жүр. Бұрын 11-12 мыңдай болған. Яғни, көбі осы «жасыл дәлізді» пайдаланған. Жалпы олар жасыл дәлізсіз-ақ аталған елден еркін шыға алады. Сонымен бірге, Корея Елшілігі арнайы рұқсат беру практикасын енгізді. Оңтүстік Кореяға визасыз режиммен кірмес бұрын барлық қажетті құжаттарды өткізу керек. Бұл – әуе билеттері, медициналық сақтандыру, кері бағытқа алған билет пен қонақүй брондағаны туралы құжаттар. Сондықтан біздің азаматтар бұрынғы сияқты ол елге барып алып, қалып қоя алмайды», - деді Айбек Смадияров.


Соңғы жаңалықтар