ҚР СІМ өкілі сириялық келіссөздер барысына пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры Айдарбек Тұматов Астана процесі аясында өтіп жатқан сириялық келіссөздерге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аздаған келіспеушіліктер бар. Қазіргі уақытта ресейліктер Геер Петерсонмен (Сирия бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы уәкілі) кездесуде. Осыдан кейін бәрі белгілі болады», - дейді Айдарбек Тұматов.

СІМ өкілі Конституциялық комитеттің қатысушыларының құрамын айқындау (сириялық келіссөздер бойынша) сұрақтарына қатысты да ойын айтты.

«Нақты қазіргі уақытта дәл осы мәселеге бойынша келіссөздер жүргізілуде. Әртүрлі жоспардағы бірқатар сұрақтар бар. Кепілгер мемлекеттер нақты бұл жайлы айтатын болады», - дейді ол.

Департамент директоры сонымен қатар келіссөздердің келесі раундты қашан өтетіні туралы пікірін білдірді.

«Менің ойымша, кепілгер мемлекеттер Астана процесі аясында келесі кездесуде ортақ қорытындыға келіп қалуы керек. Бірақ, менің ойымша келіссөздер маусымнан бұрын болмайды», - дейді Айдарбек Тұматов.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 12-ші халықаралық кездесу өтетіні бұған дейін хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар