ҚР СІМ мен «Самұрық-Қазына» инвестицияларды бірлесіп жұмылдырмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қайрат Әбдірахманов пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов кездесіп өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қабылданған құжат өзара әрекеттестікті, шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша әрекеттердің келістілігі мен үйлесімділігін күшейтуге, энергетикалық секторды дамытуға, 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын және транзиттік-көліктік әлеуетті жүзеге асыруға, қазақстандық экспортты ілгерілетуге бағытталған.

 «Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын «экономизациялау» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, экономиканың басым секторларына шетел инвестициялары мен инновациялық технологияларды тартуға жәрдемдесу, сондай-ақ экспортты ілгерілету Қазақстанның сауда және экономикалық дипломатиясының негізгі элементі болып табылады», - деп атап өтті министр.

Сыртқы істер министрлігі «Самұрық-Қазынаға» Іскерлік кеңестер бойынша Қытай, Ұлыбритания, Оңтүстік Кореямен және басқа да бірлескен алаңдарда халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруда  жәрдемдесуге дайын екендігін атап өтті.

Өз кезегінде А. Есімов СІМ-нің экономика және сауда дипломатиясының белсенді дамуына қосқан үлесін айтып, сыртқы саяси ведомствоға Елбасы Н.Назарбаевтың Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері және ҚХР-ға сапары барысында жасалған инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық үшін алғыс блідірді.

Қазақстанның сыртқы саясатын экономизациялау аясында ҚР СІМ салалық ведомстволармен ынтымақтастық туралы бірлескен құжаттарға қол қою тәжірибесін кеңінен қолданады. Бүгінгі дейін ондай құжаттар Инвестициялар және даму министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен жасайған. «KazakhExport» ЭСК» АҚ-мен бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдау жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар