ҚР СІМ Лондондағы зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоқтығын тексеруде

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Лондон көпірінде болған оқиғаға байланысты сондағы қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

«Жаңа ғана Ұлыбритания астанасындағы Лондон көпірінде шағын автобус жылдамдықпен келіп адамдарды соққаны жөнінде ақпарат шықты.

Лондондағы барлық Қазақстан азаматтарына, қауіпсіздік шараларын сақтап және жақындары мен туыстарына өзінің жүрген жерін хабарлауды сұраймыз. Аяқ асты көмек қажет болған жағдайда Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің консулдық бөліміне +44(0)7447470570 (WhatsApp) телефон нөмірі бойынша жедел хабарласуына кеңес береміз», - деп жазды Әнуар Жайнақов.

Қазіргі уақытта дипломаттар зардап шегушілер арасында Қазақстан азаматтары бар-жоқтығын анықтап жатыр.

Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, оқыс оқиға Лондон көпірінде болған. Sky News телеарнасы зардап шеккендердің бар екендігі жайында хабарлады. Туиттерде оқиғаға куә болғандардың жазуынша, көпірде көлік жаяу жүргіншілерді келіп соққан. Басқа ақпаратқа жүгінсек, сол жерде 20-ға жуық адам зардап шеккен. Жаяуларға қасақана шабуылды үш адам іске асырған. 

Соңғы жаңалықтар