ҚР СІМ Лондондағы оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпаратты тексеріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Лондондағы автокөліктің адамдарды қасақана соғуынан зардап шеккен қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Зардап шеккендер арасында біздің азаматтардың бар-жоғын анықтап жатырмыз. Әзірге, қазақстандықтардың жаралануы туралы ақпарат келіп түскен жоқ», - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов ҚазАқпарат агенттігіне.

Айта кетейік, Лондондағы автокөліктің адамдарды қасақана соғып кетуінен екі адам мерт болуы мүмкін. Бұл туралы The Sun газеті 19 маусым күні жазды.

Газеттің жазуынша, жолдан шыққан автокөлік Финсбери саябағы мешітінен шыққан адамдарды қасақана соққан. Ұлыбританияның Мұсылмандар одағы да дәл осындай ақпарат таратты.

Фото: © REUTERS / Ritvik Carvalho

Соңғы жаңалықтар