+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

ҚР СІМ: Лондондағы лаңкестіктен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

2017 жылғы 23 наурыз 01:37
Бөлісіңіз:
ҚР СІМ: Лондондағы лаңкестіктен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы уақыттағы жағдай бойынша, Лондондағы лаңкестік салдарынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары туралы мәліметтер жоқ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі өзінің парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің дипломаттар қала полицейлерімен байланыста бола отырып, орын алған оқиғалардың мән-жайын анықтауды жалғастыруда және қазір Ұлыбритания астанасында жүрген қазақстандықтарға ескертумен шықты: «Құрметті Қазақстан азаматтары, осы жылғы 22 наурызда Ұлыбритания Парламенті жанында және Вестминстер көпірінде орын алған террористік актіге байланысты Лондон қаласының Parliament Square, Whitehall, Westminster Bridge, Lambeth Bridge, Victoria Embankment (Embankment метро стансасына дейін) сияқты орталық аудандарына бармауды, адамдар көп шоғырланған жерлерден аулақ болуды, сондай-ақ қоғамдық көлікті пайдаланған кезде аса сақ болуларыңызды сұраймыз.

Барлық қажетті сұрақтар бойынша Елшіліктің консулдық бөліміне +44-7447-470-570 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады», - деп жазды СІМ өкілі.


Сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали Фейсбуктегі парақшасында атап өткендей, лондондық полицияның ұдайы жаңартып отырған мәліметтерін http://news.met.police.uk/ сайтынан көруге болады.


Еске салайық, 22 наурыз күні Вестминстер көпірінде автокөлік жаяу жүргіншілерді жаншып өтті. Екі адам ажал құшып, бірнешеуі зардап шекті. Оқиға орнында саперлар жұмыс істеуде. Адамдарды басқан көлік ішінде жарылғыш құрылғы болуы мүмкіндігі жоққа шығарылмайды, деп хабарлады Sky News телеарнасы полициядағы дереккөзге сілтеме жасап.

Осы күні сондай-ақ британдық парламент ғимаратының маңында адамдарға қарсы оқ атылды. Зардап шеккендер бар.

Полиция болған оқиғаларды теракті деп бағалады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT