ҚР СІМ: Корей түбегіндегі денуклеаризация үшін ең маңызды шарт - сенімді нығайту

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Корей түбегіндегі денуклеаризация үдерісін одан әрі жүзеге асырудың ең басты шарты ретінде сенімді нығайту шараларын атап өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысында жаппай қырып-жою қаруларымен байланысты барлық проблемалық мәселелерді сенім шараларын іске асыру арқылы басты кезекте Ресей, Қытай және Америка Құрама Штаттарының арасындағы өзара сенімді нығайту жолымен шешу қажеттігін айтты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы қаңтардағы Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы тематикалық отырысында сөйлеген сөзінде осындай үндеуін ортаға салған болатын. Мемлекет басшысы сенім шараларын жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту архитектурасын сақтаудың ең маңызды элементі деп атап өткен.

«Бүгінгі Корей түбегіндегі жағдай осыған дейінгі ең қолайлылардың бірінен табылып отыр және ол бізді одан әрі парасатты ерік пен ашықтық танытуға және өзара келісімге баруға итермелейді» - дей отырып, Қ. Омаров саяси және дипломатиялық күш-жігерлердің одан әрі сәтті түрде жалғасын табатынына сенімін білдірді.

Соңғы жаңалықтар