ҚР СІМ қазақстандық дипломат Максим Солиннің қаза болғанын хабарлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қазан күні ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары Максим Солин көз жұмды.

Бұл туралы дипломатиялық ведомство Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Қайғылы оқиға салдарынан досымыз әрі әріптесіміз Солин Максим Александрович көз жұмды. Ол дипломат мансабын ҚР СІМ-нің негізі қаланған 1992 жылы бастады. Қазақстанның Бельгия және Франциядағы елшіліктерінде еңбек етті. Бірінші санаттағы кеңесші дипломатиялық шеніне ие. Максим Александрович француз, ағылшын, қазақ тілдерінде еркін сөйлейтін», - делінген хабарламада.

2010 жылы сыртқы саясат саласындағы сіңірген еңбегі үшін Максим Солинге Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысы жарияланған болатын.  

Максим Солин 1970 жылы 4 тамызда дүниеге келген. Артында әйелі мен баласы қалды.

Қоштасу рәсімі 23 қазан күні сағат 11.00-де Астанада, Жансүгіров көшесі, 1 мекен жайында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар