ҚР СІМ Инвестициялар комитетіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бақыт Батыршаев ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақыт Батыршаев 1973 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі.

1995 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істейді.
1996-1997 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің атташесі.
1997-2001 - Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің атташесі.
2001-2002 - ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы.
2002-2002 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка Департаментінің екінші хатшысы.
2002-2005 - Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы.
2005-2009 - ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары, директоры.
2009-2010 - Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.
2010-2013 - Джида қаласында орналасқан Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымындағы Тұрақты өкілі (кеңесші-уәкіл).
2013-2019 - Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі, Қазақстанның ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі.
2014-2019 - Қазақстанның Бахрейндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы.
2019 жылғы 29 сәуірден бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы.
II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар.
Үйленген, 4 баласы бар.

Соңғы жаңалықтар