ҚР СІМ Грузияда Қазақстан азаматының кінәсінен болған ірі жол апатына түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Грузияда Қазақстан азаматының кінәсінен болған жол-көлік апатына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол апатына байланысты Қазақстан азаматының қамауға алынғаны туралы Грузия сыртқы істер министрлігінен ресми хабар келген жоқ. Сондықтан, жол-көлік апатына біздің отандасымыз кінәлі болғанын растай алмаймын», - деді Әнуар Жайнақов.

Бұған дейін хабарланғандай, Грузияда Қазақстан азаматы басқарып келе жатқан жүк көлігі жол апатына ұшырады . Апатқа көлік тіркемесінің ажырап кетуі себеп болған. Салдарынан 5 адам мерт болды, олардың арасында кішкентай қыз бала мен жүкті әйел бар. Қаза тапқандардың барлығы бір отбасының мүшесі болған. Аталмыш жанұяның тағы бір мүшесі аман қалды, ол ауруханаға жеткізілді. Қазақстан азаматы қамауға алынды.

 

Соңғы жаңалықтар