ҚР СІМ Гонконгтағы қазақстандықтарға сақ болуды ескертті

None
None
ГОНКОНГ. ҚазАқпарат - Гонконгтағы (ҚХР) жағдайдың шиеленісуіне және жаппай наразылық акцияларының жалғасуына байланысты Қазақстанның Гонконгтағы Бас консулдығы біздің азаматтарға қалада қалыптасқан төтенше жағдайды ескеруді ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы ретте адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, жиындарға, демонстрацияларға қатыспау, қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ жергілікті билік органдары мен БАҚ-тың жағдайдың дамуы туралы хабарламаларын бақылау ұсынылады.


Гонконг әуежайында авиарейстердің кестеден алып тасталуы немесе кідіруі байқалады. Осыған байланысты әуежайға шығар алдында рейстің жағдайын алдын ала тексеру қажет», делінген ескерту хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда консулмен келесі номерлер арқылы дереу хабарласуға болады: +852 5689 6282, +7 778 001 6442 (What’sApp).


Соңғы жаңалықтар