+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ҚР СІМ: Германияда қылышпен шауып өлтірілген жігіттің Қазақстанға қатысы жоқ

2019 жылғы 2 тамыз 10:19
Бөлісіңіз:
ҚР СІМ: Германияда қылышпен шауып өлтірілген жігіттің Қазақстанға қатысы жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Германияда қылышпен шабылып өлтірілген 36 жастағы жігіттің өліміне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нью-Йоркте метро пойызы рельстен шығып кетті Техас штатында ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты Ұлыбританияда карантин талабын бұзған адамға 10 мың фунт айыппұл салынбақ

Бірқатар шетелдік БАҚ көздерінен хабарланып отырғандай, Сириядан келген мигрант Штутгарт қаласының шетінде 36 жастағы жігітті қылышпен шауып өлтірген. Қайғылы жағдай сәрсенбі күні сағат 18.00 кезінде тіркелген. БАҚ көздерінің хабарлауынша, жол үстіндегі ұрыста ер адам өзінің танысына тап беріп, қылышпен кескілеп, шауып тастаған. Қылмыскер бірден оқиға орнынан ізін суытыпты. Алайда күдікті – 28 жастағы сириялық мигрант көп ұзамай полицияның қолына түскен.

Сонымен бірге, бірқатар БАҚ-тарда кісі қолынан қайтыс болған жігіттің Қазақстаннан келгені, Германия азаматы болғаны хабарланады.

«Неміс полициясының Майндағы Франкфурт ҚР Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, қайтыс болған азаматтың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ», - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.


Автор:

Акбота Кузекбай

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT