+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

ҚР СІМ «Борат-2» фильміне байланысты қазақстандықтардың өтініштеріне түсініктеме берді

2020 жылғы 24 қазан 19:07
Бөлісіңіз:
ҚР СІМ «Борат-2» фильміне байланысты қазақстандықтардың өтініштеріне түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -ҚР Сыртқы істер министрлігі «Борат-2» фильмінің шығуына байланысты Қазақстан азаматтарының өтініштеріне түсінікте берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.

«Борат-2 фильмі - коммерциялық жоба. Фильм авторлары ҚР билігінің ресми наразылығын арандатып, өз фильміне жақсы жарнама жасамақ.

Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа салынуда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ.

Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді.

Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы», -делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT