ҚР СІМ басшысы Өзбекстанға іс сапармен барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрі 2016 жылдың 22 желтоқсан күні Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Өзбекстанның СІМ-іне сілтеме жасап.

«2016 жылдың 22 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов жұмыс сапарымен Ташкентке келеді. Сапар барысында Өзбестан Президенті Шавкат Мирзиеев пен ҚР СІМ басшысы кездеседі деп жоспарланған. Сондай-ақ, Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігінде екіжақты келіссөздер жүргізіледі», - деп айтылады хабарламада.

Еске сала кетейік, 14 желтоқсан күні Шавкат Мирзиеев Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына кірісті.

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ерік Өтембаев Өзбекстан Президентінің инаугурациясына шақырылды. Өзбекстан президентінің сайлауы 4 желтоқсанда өтті. Шавкат Мирзиеев 88,61% дауыс жинап, Президент сайлауында жеңіске жетті. Сайлау барысын 44 елдің 500 халықаралық бақылаушылары, соның ішінде халықаралық ұйымдардың - ТМД, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Сайлау органдарының бүкіләлемдік ұйымының өкілдері бақылады. 

Соңғы жаңалықтар