ҚР СІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы Астанада лаңкестік және экстремизммен күресте өзара ықпалдасу мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 25 ақпанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар халықаралық жағдайдың маңызды мәселелері, сондай-ақ ұйымның ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырудағы рөлі туралы пікір алмасты.

Е. Ыдырысов пен Н. Бордюжа ағымдағы жылы ұйым аясында өтетін ірі шаралардың, атап өткенде шілде айында өтуі тиіс Сыртқы істер министрліктерінің кеңесі және күзге белгіленген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Мемлекет басшылары деңгейінде өтетін кеңесінің кестесі мен шамаланып отырған күн тәртібін қарастырды.

Тараптар сондай-ақ ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің лаңкестік және діни экстремизммен күрес саласында ынтымақтастықты кеңейту жайын ортаға салды. Е.Ыдырысовтың атап өтуінше, «осындай ынтымақтастық біздің ұйымымыздың аясында өзара ықпалдасудың жаңа қырын ашып, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылдың қыркүйегінде БҰҰ БА-ның 70-ші сессиясында ұсынған БҰҰ-ның қамқорлығындағы Жаһандық лаңкестікке қарсы коалицияны (желіні) құру бастамасын іске асыруға септігін тигізеді».

2

Соңғы жаңалықтар