+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

ҚР СІМ басшысы Қырғызстандағы жағдайға байланысты пікір білдірді

2020 жылғы 16 қазан 18:34
Бөлісіңіз:
ҚР СІМ басшысы Қырғызстандағы жағдайға байланысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Қырғызстандағы жағдайдың айқындалып келе жатқан тұрақталу үрдісін ризашылықпен қабылдайды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді көрші елдегі жағдайға қатысты ресми комментариінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақстанда Қырғызстандағы жағдайдың айқындалып келе жатқан тұрақталу үрдісін ризашылықпен қабылдайды.

Көрші мемлекеттегі оқиғаларды тек қана ішкі мәселесі ретінде қарастыра отырып, жаңадан құрылған үкіметті қазіргі күрделі саяси жағдайда өз әрекеттерін тұрақтылық, құқық үстемдігі, қоғамды біріктіру, экономикалық даму үшін жағдай жасауға бағыттауға шақырамыз.

Елдің барлық саяси күштерінің Қырғыз Республикасы Конституциясының нормалары мен қағидаттарын қатаң сақтай отырып, дағдарыс жағдайынан абыроймен шығуға мүмкіндік беретін салмақты және іскер шешімдерді іздеуге бар күш-жігерін жұмсайтынына үміт артамыз», - деді министр.

М.Тілеуберді атап өткендей, кос елді қиын кезеңде өзара көмек пен қолдауға негізделетін бауырлас және тату көршілік тарихи қарым-қатынас байланыстырады.

«Біз Қырғызстанның саяси тұрғыдан тұрақты және экономикасы өркендейтін ел болуына, 1997 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы Шарттардың рухындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың ары қарай жалғасуына мүдделіміз», - деп толықтырды ҚР СІМ басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT