ҚР СІМ басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері көмекке мұқтаж елден донор мемлекетке айналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанның экономикасы 20 есеге өсіп, елге тартылған инвестицияның мөлшері 265 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеяының 72-ші жалпысаяси дискусиясында сөйлеген сөзінде айтып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі БҰҰ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, осы ғасырдың орта шеніне қарай, Қазақстан әлемнің экономикасы бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына енуді көздеп отыр. Бұл жетістіктер Қазақстанды Тәуелсіздік алғаннан бері көмекке мұқтаж елден донор мемлекетке айналдырған. Бұған қоса, Қайрат Әбдірахманов мемлекеттің халықаралық аренада маңызды рөл атқарып келе жатқанын айтып өтті. Министр өз сөзінде Президет Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы БҰҰ-да бірінші рет сөз сөйлеген кезінде-ақ озық дипломатияны - «Бас Ассамблеяның Төрағасы мен БҰҰ Бас хатшысы өздерінің басты басымдығы деп жариялаған идеяны» қолдағанын еске салды.

Қайрат Әбдірахманов Қазақстанда билік тармақтарының құзырын қайта бөліп беретін конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қазақ тарапының ойынша, Ұйымның мүмкіндіктері мен «қауіпсіздік және даму» концепциясын кеңейтетін БҰҰ-ның реформаларын Қазақстан қолдайды.

«Тұрақты даму бейбітшіліксіз іске аспайды», - деді Қ.Әбдірахманов.

Министр сөз сөзінде қазіргі әлемде «ядролық қарулар байлық пен қауіпке айналғанын» атап өтті. Бір кездері аумағында ядролық қарулар сынағы өткізілген полигоны болған ел ретінде Қазақстан адамзат үшін бұл қауіптің көзін жою - маңызы ең алдыңғы қатарлы тапсырма деп есептейді. Астана ядролық қарулармен сынақтарды өткізуге толық тыйым салу, барлық арсеналдарды құрту дұрыс деп есептейді. Министр КХДР-ды ядролық бағдарламасынан бас тартып, халықаралық бірлестіктердің өзіне деген сенімін қайта қалпына келтіретіндей шараларды қабылдауға шақырды.

Қазақстан сонымен қатар, жаһандық терроризмге қарсы күресті халықаралық дәрежеде күшейтуді қолдайды. Министр сөз сөзінде Астана терроризмге қарсы БҰҰ-ның Орталық Азиядағы жаһандық стратегиясына 300 мың АҚШ долларын бөліп отырғанын еске салды.

Қайрат Әбдірахманов Қазақстан мен БҰҰ арасында бітімгершілік, тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру, ғылым мен технологияны дамыту және тағы басқа салалардағы серіктестік барын айтып өтті. Сонымен қатар, министр Қазақстанның жүздеген ұлт бейбіт әрі достықта өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет екенін тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар