+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

ҚР СІМ Барселонада қылмыстың жиілеп кеткенін ескертті

2019 жылғы 26 тамыз 17:16
Бөлісіңіз:
ҚР СІМ Барселонада қылмыстың жиілеп кеткенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Барселонадағы қылмыстың көбеюі туралы ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Каталония орталығында ұрлық пен тонау жиілеп кеткеніне назар аударамыз. Бірнеше күн бұрын Каталония полициясы Барселонаның туристік аймақтарында қылмыстың өскені туралы мәлімдеме жасады. Полицияның мәліметінше тек Барселона көшелерінде осы жылы 5 331 тонау әрекеті жасалған. Барселонадағы ҚР Консулдығының мәліметінше, 2019 жылдың алғашқы жарты жылында зардап шеккен азаматтар саны екі есеге артты», - деді Айбек Смадияров ҚР СІМ өткен брифингте.

2019 жылдың бір ғана шілде айында Қазақстанға қайтып оралуға 24 төлқұжат берілген.

«Көптеген адамдар төлқұжаттан және Шенген визасымен саяхатты жалғастыру мүмкіндігінен айырылуда, сонымен қатар олар жеке заттарын, ақшалай қаражаты мен басқа материалдық құнды бұйымдарын жоғалтады. Осыған байланысты Барселонада құжаттарыңыз бен заттарыңызға сақ болуларыңызды сұраймыз. Елге ұшып кетер алдында құжат ұрланғанын немесе құжаттарды қалпына келтіру фактісін растайтын хаттама алуды және оқиға болған жағдайда жақын маңдағы полиция учаскесіне жүгінуге кеңес береміз», - деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT