ҚР СІМ Ауғанстанның 70 000 азаматын қабылдау туралы ақпаратты жоққа шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген қауесет тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы 500 адам ұшақпен Шымкент әуежайына қонған, алдағы күндері тағы 1500 адам келеді екен.

Ауғанстаннан босқындардың келетіні және олардың Шымкент пен Түркістан облысына орналастырылатыны туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.

– Бүгінгі күні тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар