+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

ҚР Сенатының Төрағасы Ватикан өкілімен дінаралық диалог мәселесін талқылады

2020 жылғы 30 қыркүйек 18:24
Бөлісіңіз:
ҚР Сенатының Төрағасы Ватикан өкілімен дінаралық диалог мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Ватиканның Қазақстандағы Апостол нунциі Фрэнсис Ассизи Чулликатпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Климаттың өзгеруін күш біріктіріп қана тежеуге болады – Мәулен Әшімбаев

Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, к ездесу барысында елімізде дінаралық диалогты дамыту және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды.

«Мәулен Әшімбаев биыл Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 28 жыл толғанын атап өтті. Сондай-ақ, Сенат Төрағасы осы уақыт аралығында екі мемлекет түсіністік пен ынтымақтастыққа негізделген сындарлы өзара іс-қимыл қалыптастырғанына назар аударды», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы біздің қоғамда толеранттылықты және түрлі дін мен этнос өкілдеріне құрметпен қарауды дәріптеп жүрген Қазақстандағы католик шіркеуінің жұмысына тоқталды.

Одан бөлек, Мәулен Әшімбаев пен Фрэнсис Ассизи Чулликат Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының жұмысы аясында сындарлы өзара іс-қимылды әрі қарай жалғастыруға ниетті екендерін жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT