ҚР Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Қайрат Такирұлы Балықбаев ҚР Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайрат Балықбаев1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жекеменшік компанияның менеджері болып бастаған.

2006-2009 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрылымында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2011-2016 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ департаментінің директоры, басқарушы директоры, ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті.

2017-2018 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

2019-2021 жылдары – «KazEnergy» ЗТҚ бас директорының штаттан тыс кеңесшісі.

2021 жылдың ақпан айынан қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық даму банкі Цифрлық бастамалар дирекциясының басқарушы директоры қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар