ҚР Салық комитеті «Нұр Отан» партиясының жанынан бөлшек сауда саласында халықтық қадағалау бөлімшесін құруды ұсынды

None
None
қпанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Онлайн режимінде салық төлеушінің кассалық аппараттары мен салық органдарының арасында ақпарат алмасу модулін әзірлеу жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр Отан» партиясының жанынан бөлшек сауда саласында, сонымен бірге кассалық машинаны пайдалану және акцизделетін өнімді сату саласында халықтық қадағалау бөлімшесін құру мәселесін қарастыруды сұраймын»,-деді комитет басшысы.

«Болашақта салықтық әкімшілік етуді жетілдіру бойынша Дүниежүзілік банктің жобасын жүзеге асыру аясында біз онлайн режимінде салық төлеушінің кассалық аппараттары мен салық органдарының арасында ақпарат алмасу модулін әзірлеуді жоспарлап отырмыз»,-деді Д. Ерғожин.

Соңғы жаңалықтар