ҚР Президенттік мәдениет орталығының Ұлттық дәстүрлер театры Оңтүстік Қазақстан облысына тұңғыш рет гастрольдік сапарға шығады

None
None
АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - Қарашаның 23-і мен 25-і аралығында ҚР Президенттік мәдениет орталығының Ұлттық дәстүрлер театры «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысына тұңғыш рет гастрольдік сапарға шығады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған орталықтық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гастрольдік сапар барысында театр ұжымы Жетісай, Шымкент қалаларының жұртшылығымен жүздесіп, Елбасының салиқалы саясаты, тәуелсіздік тағылымы, елдің ынтымақ-бірлігі, ұлттық салт-дәстүр жайында келелі кездесулер өткізеді.

«Алпамыс» және «Ұлбике» музыка-драмалық қойылымын сахналап, «Тәуелсіздік тағылымы» атты кездесу кешін ұйымдастырады. Аталған кешке орай қойылатын концерттік бағдарламаға республикаға танымал өнер шеберлері: Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаев, жыршы Эльмира Жаңабергенова, әнші Мейрамбек Бесбаев, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева, Гүлмира Сарина, Гүлзира Бөкейханова, Айгүл Елшібаева, Перизат Тұрарова, күйші Жанғали Жүзбаев, ақын Несіпбек Айтұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылханұлы және өзге де өнерпаздар қатысады.  Сондай-ақ кездесу аясында «Мырзатай Жолдасбеков» атты кітап көрмесі өтеді.

Кітап көрмесінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің еңбектері, кітаптары, газет-журналдарда жарияланған мақалалары, дискілері, ән жинақтары оңтүстік өңір жұртшылығының назарына ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар