+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Сайлау-2019: Төрт кандидат қол жинауға кірісіп кетті

2019 жылғы 28 сәуір 19:10
Бөлісіңіз:
Сайлау-2019: Төрт кандидат қол жинауға кірісіп кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үміткерлерді ұсыну кезеңінің қорытындысы бойынша, президенттік сайлауға қатысу үшін 9 республикалық қоғамдық бірлестіктің, оның ішінде 4 саяси партияның өкілдері ҚР Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттар өткізді. Олар - «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Сәді-Бек Түгел, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінен - Қасым-Жомарт Тоқаев, «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен - Амангелді Таспихов, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінен - Дәния Еспаева, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінен - Төлеутай Рахымбеков, «Қазақстан коммунистік халық партиясы» атынан Жамбыл Ахметбеков, «Ұлт тағдыры» біріккен ұлттық-патриоттық қоғадысы» бірлестігінен - Әміржан Қосанов, «Қазақстан құрылысшылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінен - Талғат Ерғалиев және «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен - Жұматай Әлиев», - деп атап өтті ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ҚР ОСК отырысында.
null

Орталық сайлау комиссиясы арқылы үміткерлікке сәйкестігі анықталған 4 үміткер қазіргі уақытта қол жинауға кірісіп кетті. Олар 12 облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан кемінде 118 140 қол жинауы қажет.
null

Өзге кандидаттардың заңнамаға сәйкестігі алдағы күндері анықталады.

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу 2019 жылдың 11 мамырында сағат 18.00-де аяқталады.
null
null
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT