ҚР Президентінің Жолдауында бизнесті қолдаудың теңдессіз шаралары қарастырылған - М. Лорсанов

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы «Вайнах» шешендер мен ингуштардың этномәдени бірлестігінің төрағасы Магомед Лорсанов ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтып өткен барлық деңгейдегі бизнесмендерді жеңілдікпен несиелендіру үшін 100 млрд. теңгені бөлу бастамасын бизнесті қолдаудың теңдессіз шаралары деп атады.

«Мен қоғамдық қызметтен басқа, бизнеспен де айналысамын. Мен басқарған кәсіпорын құрылыс материалдарын сатып, құрылыспен айналысады. Сондықтан басқа кәсіпкерлерді сияқты мені де бұл жаңалық өте қуантты», - дейді М.Лорсанов.

М.Лорсанов сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға көңіл аударды. Қазақстанның әлемдік аренада мәлімдеген инвестициялар ағыны үшін жағдайлар жасау керек, деп есептейді ол.

«АЭА-ны дамыту - бүкіл әлемдік қауымдастық үшін бұған дәлел болуда», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар