ҚР Президентінің Жарлығымен Алматы, Шымкент қалалары мен бірқатар облыс әкімдері тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тағайындалды, деп хабардайды Ақорда.

***

Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек - Алматы қаласының әкімі;

Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов - Шымкент қаласының әкімі;

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев - Ақмола облысының әкімі;

Оңдасын Сейілұлы Оразалин - Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов - Алматы облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев - Атырау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов - Жамбыл облысының әкімі;

Ерлан Жақанұлы Қошанов - Қарағанды облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов - Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев - Қызылорда облысының әкімі;

Болат Жұмабекұлы Бақауов - Павлодар облысының әкімі;

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев - Түркістан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 17 маусым

№ 22

Соңғы жаңалықтар