ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының делегациясы Түркияда болды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Кәсіби тәжірибемен алмасу жөніндегі бағдарлама шеңберінде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының делегациясы Түркияда болып қайтты.

Делегация құрамында сот төрелігі, мемлекеттік және жергілікті басқару, дипломатия, мемлекеттік басқаруды жаңғырту институттарының, сондай-ақ қаржы полициясы академиясының, ҚР Қорғаныс министрлігі Ұлттық қорғаныс университетінің және халықаралық бизнес академиясының өкілдері болды.

Қазақстан делегациясы Түркия Республикасының Әділет академиясы ұйымдастырған семинарға қатысты, Түркияның құқық қорғау органдарының тәжірибесін зерделеді, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт
Түймебаевпен және Түркия үкіметі кеңсесінің жанындағы Ынтымақтастық пен даму жөніндегі басқарма (ТИКА) басшысының орынбасарымен кездесулер өткізді. Олардың барысында түрік тарапы Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіздік кезеңінде қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады.

Аталған семинар барысында қазақстандық құқық қорғау органдарының өкілдері Түркияның құқықтану саласымен танысып, тәжірибесін зерттеу мүмкіндігіне ие болды. Семинар соңында тыңдаушыларға Анкара университетінің Тұрақты оқыту орталығының куәліктері тапсырылды.

Елшімен кездесу барысында қатысушыларға 20 жыл болған қазақстан-түрік қатынастарының ағымдағы жай-күйі, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.

Соңғы жаңалықтар