+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

ҚР Президентінің жанындағы Кеңес отырысында Жастар жылының қорытындысы қаралды

2019 жылғы 9 желтоқсан 17:23
Бөлісіңіз:
ҚР Президентінің жанындағы Кеңес отырысында Жастар жылының қорытындысы қаралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті XXIIІ отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес отырысының жұмысына Үкімет мүшелері, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары, жастар саясаты саласындағы сарапшылар, сондай-ақ жастар саясаты мәселелері жөніндегі өңірлік басқармалардың басшылары қатысты.

«Бүгін Жастар жылының қорытындысы мен алдағы жылға бекітілетін шараларды қарастырамыз. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Әрбір мемлекеттің дамуы елдің жастарына байланысты. Сондықтан әр мемлекет жастардың дамуына, жаңалықтарды енгізуіне мүмкіндік жасауы тиіс», - деді Б. Сапарбаев.

Оның сөзіне қарағанда, Жастар жылы жобаларын іске асыру үшін жергілікті әрі республикалық бюджеттен, демеушілердің көмегімен 300 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр.

«Үш жылға Жол картасы қабылданғанын білесіздер. Соның ішінде тек қана биылдың өзінде 90 млрд теңгедей қаржы жұмсалды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бар, оның аясында қазіргі таңда жастар арасынан 170 мыңнан астам адам қамтылды. Аталған бағдарламаның ең негізгі міндеті – жастардың өздерінің кәсібін ашуға, қажетті мамандық алуға жағдай жасау. Жалпы, өңірлердегі кездесулерде бағдарламалардың, жол картасының орындалуы жөнінде әрдайым айтамыз. Біздің мақсатымыз – сол жұмыстарды жалғастыру. Атап айтқанда, келесі жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Волонтер жылы деп жарияланды. Бұл қадам маңызды, себебі еріктілердің негізі жастар екені белгілі», - деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, Кеңес отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жастар жылын өткізу қорытындысы бойынша баяндап, оның басым бағыттарын атап өтті.

Сонымен қатар, отырыста «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Т.Болысовтың, «Болашақ» халықаралық стипендиясы қауымдастығының атқарушы директоры Л.Демесинованың, «Жасыл Ел» республикалық штабының басшысы А.Даниярдың, «Ұланғайыр Дала елі» қоғамдық бірлестігінің директоры У.Бахретдиновтың Жастар жылы аясында атқарылған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.

Бұдан бөлек, кеңес мүшелері 2020 жылға арналған жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарын мақұлдады.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлік бастаманы қолдау жөніндегі жүйелі жұмысты ұйымдастыруды жалғастыруды жүктеді. Мұнымен қоса, жастарды «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Серпін» және басқа да әлеуметтік жобаларын іске асыруға кеңінен тартуды тұрақты негізде қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы мен жалға берілетін тұрғын үй берудің географиясын кеңейту жөніндегі мәселені пысықтау бойынша бірқатар тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес – еліміздегі мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша шараларды әзірлеудегі басты диалог алаңы болып саналады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жастар, Жастар жылы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT