ҚР Президентінің жаңа реформалары Францияның қоғамдық-саяси топтарының назарында

None
None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Францияның қоғамдық-саяси және сарапшылар топтарының назарынан тыс қалған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы ретте, француз сенаторы, «Франция - Орталық Азия» парламентаралық достық тобының төрағасы Эрве Морэ ҚР Президентіне «Қазақстанды жаңғырту және демократияландыру, экономикалық ырықтандыру және ашықтық үшін институционалдық реформалар пайдасына жасалған іс-қимылда» қолдау білдірді. Француз саясаткері «Парламент рөлінің күшеюін және адам құқықтарын одан әрі құрметтеуге ұмтылуды» ерекше атап, бұл қазақстандық азаматтардың күткеніне жауап болып табылады», дейді.

Өз кезегінде, «Франция-Қазақстан» парламентаралық достық тобының төрағасы, Ұлттық ассамблеяның депутаты Пьер Кабаре Францияның стратегиялық серіктесі болып табылатын Қазақстанды жаңғырту және нығайту жөніндегі Мемлекет басшысының күш-жігерін құптады. «Бүгін біз ҚР Президенті 2019 жылы сайланғаннан кейін енгізген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың нәтижелерін көріп отырмыз. Күрделі және қайғылы кезеңнен аман өткен халықтың үміттері ескеріліп, тиісті шаралар біртіндеп жүзеге асырылуда», - деді ол.

«Шуазель» институтының президенті Паскаль Лоро өз хатында саяси реформалардың басымдығын дұрыс деп санайды, бұл Парламенттің күшейтілген рөлінде, сайлау процесінің транспаренттілігінде және азаматтық қоғам институттарын нығайтуда көрініс табады.

ҚР Президентінің Жолдауына қатысты өз ойын айта отырып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Жаһандық қатынастар хатшылығының Еуразиялық бөлімшесінің басшысы Уильям Томсон қазақстандық көшбасшының құрылымдық реформаларға, сондай-ақ адал және ашық бәсекелестікке, экономикада да, саясатта да жасанды монополияларды жоюға бейілділігін құптады.

Француз жазушысы, құқық қорғаушы, халықтар мен діндер арасындағы бейбітшілік пен диалогты жақтайтын ірі қоғам қайраткері Марек Халтер «Жаңа Қазақстанның» саяси ырықтандыру және үздіксіз демократияландыру жолындағы ілгерілеуін де қолдады.

Телевизиялық бағдарламалардың тұрақты қонағы, француз саясаттанушысы Жан-Кристоф Гальен Қазақстандағы оң өзгерістерге үлкен қызығушылық танытады. Ол Қазақстан тепе-теңдік орталықтарының бірі, сондықтан халықаралық қақтығыстарды реттеуде оған жат емес медиатор рөлін атқара алады және атқаруға тиіс деп есептейді.

Сонымен қатар, француздық БАҚ-тары да Қ.Тоқаевтың реформалардың маңыздылығына ерекше назар аударды.


Соңғы жаңалықтар