ҚР Президентінің Ұлттық Кеңес барысында көтерген бастамасы жүзеге асты - Қарин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қарин Ерлан Telegram парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осылайша, Мемлекет басшысының азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің екінші Халықаралық хаттамасына қосылу туралы 2019 жылдың желтоқсанында көтерген бастамасы түпкілікті жүзеге асырылды. Аталған бастама, президенттің саяси реформалар пакетінің бір бөлігі болатын. Мен аталмыш құжатқа қосылуға үлес қосқан құқық қорғаушылар мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін осы бастаманың түбегейлі жүзеге асуымен құттықтаймын. Бұл біздің елміздегі тиімді қоғамдық диалогтың тағы бір мысалы. Алда бізде Ұлттық кеңес барысында көтерілген өзге де бастамалар күтіп тұр. Бүгінгі таңда БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 88-і өлім жазасын жоюға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің екінші Халықаралық хаттамасының қатысушысы болып табылады»,-деп жазды Қарин.





Соңғы жаңалықтар