ҚР Президентінің Телерадиокешені «Қызғалдақ жүрегі - Отан жүрегі» фильмін түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Телерадиокешені YouTube арнасына «Қызғалдақ жүрегі - Отан жүрегі» деректі фильмін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фильмде қызғалдақтардың пайда болуы туралы айтылған, деп жазады ҚР Президентінің Телерадиокешені Фейсбуктегі парақшасында.

Фильмде Қазақстандағы қызғалдақтар алқабын тамашалап, еліміз туралы пайдалы мағлұмат  алуға болады.  Фильм қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған.

«Қызғалдақтардың ондаған миллион жыл бұрын шөл далада және Тянь-Шань тауының бөктерінде, қазіргі Қазақстан аумағында пайда болғанын білесіздер ме? Қазіргі Қазақстан қызғалдақтардың отаны. Бүгінде әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам сұрыптары бар. Оның басым бөлігі - Қазақстан гүлдерінің «тұқымы», - делінген ТРК парақшасында. 


Фото: mfa.gov.kz

Соңғы жаңалықтар