ҚР Президентінің телерадиокешені Бірлік күніне орай видео жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Телерадиокешені 1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күніне орай видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат кешеннің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар! Елеулі мерекелеріміздің бірі - Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бірлігіміз жарасып, татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік» делінген жазбада.

Видеода Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының таяудағы сессиясында сөйлеген сөзі бар.

«Біз - мықты және жауапты адамдардан құралған біртұтас халықпыз. Тәуелсіздік алған 27 жылдан бері бәріміз күш біріктіріп қуатты Қазақстанды құрдық. Біз қол жеткізген бүкіл жетістіктер - баршамызға ортақ. Бір біргеміз. Біздің Отанымыз бір. Осында тұратын өзіміз. Ұрпағымызды осы елде өсіреміз. Демек, балаларымыз үшін осы елді бірге дамытуға тиіспіз» дейді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар