ҚР Президентінің тексерулерге мораторий енгізу туралы Жарлығына өзгерістер енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президентінің «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енгізілген өзгерістер жөніндегі Жарлықтың мәтіні бүгін Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 65-66, 474-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері.».

2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 17 қыркүйек

№ 417


Соңғы жаңалықтар