ҚР Президентінің Протокол қызметінің бастығы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дмитрий Леонидович Михно Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, бұған дейін Мәди Бәкірұлы Атамқұлов ҚР Президенті Протоколының бастығы лауазымынан босатылған болатын. Ол Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар