ҚР Президентінің Манифесінде айтылған ой бүкіләлемдік бейбітшілік кепілі болады - саясаттанушы Есенжол Алияров

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің манифесінде айтылған ой бүкіләлемдік бейбітшілік кепілі болады. ҚазАқпарат агенттігіне Қазақстан гуманитарлық-саяси коньюнктура орталығының президенті, саяси ғылымдар докторы, профессор Есенжол Алияров осындай пікір білдірді.

Оның пайымдауынша, Мемлекет басшысы айтқан ұсыныстың барлығы әлемде бейбітшілік пен тыныштық орнатуға көзделген.

«Мәселен, біріншіден, Президент адамның ақыл-ой жетістігін қару жараққа жібермеуді ұсынды. Ғарышта, нейтралды қызметте блоктарды қолданбауды ұсынды. Бір блок болған соң басқа ел де шоши бастайды. «Менің мемлекетімді біреу қиратпас үшін, мен де қорғануым керек» деген ой туады. Адамның ақыл ойы, материалды игіліктері бәрі соған кетіп жатыр. НАТО-ға келсек, оның шартының 5-тармағы бойынша бір мемлекет соғыс ашса, бүкіл НАТО кіреді деп тұр. Мұның өзі агрессиялық көзқарас. Осындай көзқарастар басқа мемлекеттерге түрткі болады. Блок жоқ болса, әркімнің ой пікірі халықаралық институтардың істеріне байланысты шешілуі керек», - деді сарапшы.

Маман Президенттің ешбір тәуелсіз елдің ішкі саясатына араласуға болмайды деген ойын құптайтындығын жеткізді

«Менің ойымша, әртүрлі көзқарас болмас үшін «қазіргі тәуелсіз мемлекеттердің шекаралары бұзылмайды» деп БҰҰ қарарында жазылуы керек. 1944 жылы Вестфаль келісімінде бұл көрсетілген. Соңғы кездері бұл принциптерді ұстанбай жатқандар көп. Бір мемлекеттің екіншісінің ішкі мәселесіне араласуы, «демократия жоқ, адам құқығы тапталып жатыр» деген уәжбен сепаратистерді қолдау белең алып барады. Түбінде азаматтық соғыс салдарынан келетін зардап он есе артық болады», - деді ол.

Сарапшы Солтүстік Африка, Ирак, Сириядағы жағдайды мысалға келтірді.

Сондай-ақ, 20 жылдан аса уақыт келе жатқан Армения мен Әзербайжан қақтығыстарының күш алуына осы себеп болды деді маман.

«Халықаралық құқықтық принциптерді сақтамаудың салдарынан туған локалды қақтығыстар жаһандық соғысқа дейін ұласуы мүмкін. Екінші дүниежүзілік соғыста 50 млн адамды жоғалттық. Енді тоқтамаса адам баласы одан әрі шығынға батады. Менің ойымша, Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа саяси процестерді толық игергенін көрсетті. Оған дәлел - дер кезінде айтылған президенттік бастамасы. Енді бұл көзқарас тек бастама болып қалмай, жүзеге асса нұр үстіне нұр болар еді. Тәуелсіз елдің халқы өз мәселесін өзі шешуі керек», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар