ҚР Президентінің қызметіне кірісетін адамның Қазақстан халқына ант беру рәсімі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісетін адамның Қазақстан халқына ант беру рәсімі 2019 жылғы 20 наурызда 12.00 сағатта өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл рәсім Елбасының өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына сәйкес белгіленді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісетін адамның Қазақстан халқына ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында 2019 жылғы 20 наурызда 12 сағат 00 минутта өткізілсін», - делінген Жарлық мәтінінде.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды уақытша басқаратынын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар