ҚР Президентінің Қырғызстанға жасаған сапарынан бейнематериал жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға жасаған сапарына қатысты бейнематериал жариялады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға жасаған сапарының екінші күні Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.

Жиында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі жөнінде пікір алмасты, 2019 жылғы басым бағыттардың жүзеге асырылуын қорытындылап, алдағы даму жоспарын анықтады»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар