Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

«ҚР Президентінің Кубогы» турниріне 13 мемлекет қатысады

2019 жылғы 16 шілде 00:56
Бөлісіңіз:
«ҚР Президентінің Кубогы» турниріне 13 мемлекет қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16-20 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында бокстан «ҚР Президентінің кубогы» VII Халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар
Волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан командасы бесінші орын алды Burabike Fest фестиваліне қатысушылар саны рекордтық деңгейге жетті Қазақстан кубогы үздік ойыншыларының есімдері белгілі болды

Кубокке Алжир, Болгария, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Сирия, Филиппин, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің боксшылары қатысады.

Жекпе-жектер ерлер арасында сегіз салмақ дәрежесінде және әйелдер арасында бес салмақ дәрежесінде өтеді.

Бірінші орын алған боксшылар 2000 USD, екінші орын – 1000 USD, үшінші орын – 500 USD мөлшерінде сыйақы алады.

Турнирге 2017 жылғы Әлем чемпионы Қайрат Ералиев (57 кг дейінгі салмақ дәрежесі), 2017 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы Санатали Толтаев (63 кг), 2016 жылғы Олимпиадаға қатысушы, 2017 жылғы Әлем чемпионатының және Азия чемпионатының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов (69 кг), 2017 жылғы Әлем чемпионатының және Азия чемпионатының, 2018 жылғы жазғы Азия ойындарының жүлдегері Әбілхан Аманқұл (75 кг) қатысады.

Сонымен қатар, 2017 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері Ерік Әлжанов (81 кг), 2017 жылғы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит (91 келі), 2017 жылғы Әлем чемпионатының және Азия чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев сынды боксшылар да жекпе-жектерге шығады.

Әйелдер арасында Қазақстанның болашағы зор боксшылар қатарында екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (51 кг), 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Дариға Шәкімова (75 кг), 2012 жылғы Олимпиада жүлдегері Марина Вольнова (75 кг) және 2017 жылғы Азия чемпионы Мадина Нұршаева (64 кг) өнер көрсетеді.

Турнирдің ашылуы 16 шілде күні сағат 14: 00-де «Дәулет» спорт комбинатында өтеді.


Фото: kfb.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT