ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғабит Байжанов ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылсын», - делінген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығында.

Сондай-ақ  Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.

Ғабит Байжанов 1963 жылы туған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007 жыл); «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-24.02.2015); ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (24.02.2015 жылдан бастап, 04.05.2015 жылы қайта тағайындалды) болып еңбек еткен.

Соңғы лауазымы - ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.

Генерал-майор (05.05.2010), сыртқы барлаудың генерал-лейтенанты (03.05.2018) шендеріне ие.

 

Соңғы жаңалықтар