+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжанов бірқатар кездесу өткізді

2018 жылғы 7 қараша 19:12
Бөлісіңіз:
ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжанов бірқатар кездесу өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжанов Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының жарғылық органдарының бірлескен отырысына және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық аясында екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының жарғылық органдарының бірлескен отырысына және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық аясында Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжанов бірқатар халықаралық кездесулер өткізді.

Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаевпен әңгімелесу барысында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында бейінді құрылымдар бағыты бойынша өзара тығыз іс-қимыл жасаудың маңыздылығы атап өтілді.

Талқылау нәтижесінде екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары деңгейінде тұрақты диалог орнатуға бағытталған шаралар келісілді.

Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян заманауи қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласында екі жақты ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылауды ұсынды.

Өткен пікір алмасу Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясында ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың қажеттілігін растады.

Белоруссиялық әріптес - Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Зась әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың елеулі әлеуетіне назар аударды.

Халықаралық және өңірлік саясаттың өзекті мәселелері жөніндегі ұстанымдардың ұқсастығы атап өтілді.

Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің, Қауіпсіздік кеңестер хатшылары комитетінің бірлескен отырысы және мемлекеттер басшыларының қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы 8 қарашада Астанада өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT