+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

ҚР Президентінің кеңесшісі Алматы атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

2019 жылғы 15 желтоқсан 15:21
Бөлісіңіз:
ҚР Президентінің кеңесшісі Алматы атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Ерлан Қарин Алматы атауын өзгертуге қатысты бастамаға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Олжас Сүлейменов оңтүстік астананың атын өзгерту керектігін баяғыдан айтып келеді. Алайда, оның Президентпен кездесу барысында бұл мәселені қайта көтеруі – Мемлекет басшысының бұл бастаманы қолдайтынын білдірмейді. Президент Алматыны дамытудың маңызды мәселелеріне назар аудару керек деп есептейді. Ол туралы Президент осы жылдың 29 қазанында қала активімен кездесу кезінде айтқан еді. Мемлекет басшысы мұндай мәселелер кабинетте ғана емес, қала тұрғындарының басым көпшілігінің ұстанымы негізінде, азаматтардың ойын біліп барып шешілуі керек деп есептейді», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін бірқатар БАҚ-та Олжас Сүлейменовтің Президентпен кездескені, кездесуде «Алматының атауын Алма-Ата деп өзгерту бастамасын Президент қолдады» деген сыңайда ақпарат тараған болатын.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT