ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы 1982 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген.

2004 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-механик, 2006 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін заңтану мамандықтарын тәмәмдап, 2019 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітіріп Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2005-2006 жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің жетекші маманы болған.

2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі (А корпусы); 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.

2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болды.

2021 жылғы шілде айынан бастап Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарды.
Ал 2022 жылы 2 наурызда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін сол қызметті атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар