+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиден коронавирус анықталды

2020 жылғы 6 маусым 22:45
Бөлісіңіз:
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиден коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиден коронавирус анықталды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавируспен күресте халықтың мемлекетке сенім деңгейін талдау қажет – сарапшы Даниал Ахметов Өскемен мен Семейде ауыр науқастарға арналған бөлімшелерді ашуды тапсырды Қазақстанда 1 314 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

«Ардақты ағайын! Өкінішке қарай, бүгін аса бір жайсыз жаңалықты жариялайын деп отырмын. Әлемді айналып, елімізді шарлап кеткен коронавирус індеті менен де табылды. Кеше тапсырған тест қорытындысы оң нәтиже берді. Қазір ауруханада, дәрігерлердің қарауында жатырмын. Жағдайым бір қалыпты. Аса алаңдайтындай емес. Ем қабылдаудамын» деп жазды ол.

Сондай-ақ, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Президент белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысының денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын, Қасым-Жомарт Кемелұлы үнемі тест тапсырып, қорытындысын алып отырғанын мәлімдеді. Ақордада санитарлық режим күшейтіліп, қауіпсіздік шаралары қатайтылғаны туралы айтты.

«Осы індет басталғалы барлығымыз дабыл қағып, сақтануға, дертті жұқтырмаудың жолдарын қарастыруға шақырып келеміз. Бірақ пандемияға сенбейтін, ауруды жоқ деушілер азаймай тұр. Ондайда «Ауырған адамды көрсетіңдерші«, «Менің танысымның бірде-бірі ауырған жоқ. Сонда онымен кім ауырып жатыр?», «Ауырған адамдардың аттарын неге атамайды?« деген сияқты пікірлерді жиі еститінбіз. Міне, мен дерт жұқтырдым, оны жасырмай жариялап отырмын. Мұндағы мақсат алаңсыз жүрген азаматтар ойлансын, сенбей жүрген кісілердің көзі жетсін дегенім. Ауру бар. Оны жұқтырушылардың саны күн сайын артып жатыр. Қанша жерден сақтық шараларын қатаң сақтап жүрсек те, біз де жұқтырдық. Енді емделу керек» деп жазды ол.

Сөз соңында Берік Уәли жұртшылықты сақтыққа шақырды: «Баршаңызды өздеріңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін карантин режимі мен профилактикалық шараларды ұстануға шақырамын. Пандемияға жеңіл-желпі қарауға болмайды

Сондай-ақ Берік Уәли Instagram парақшасында медициналық зерттеу фотосын жариялады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT