+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

ҚР Президентіне Қарағанды облысында туризмді дамыту перспективалары баяндалды

2020 жылғы 25 ақпан 18:15
Бөлісіңіз:
ҚР Президентіне Қарағанды облысында туризмді дамыту перспективалары баяндалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы өндірістің өсімі жөнінде есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру, соның ішінде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмекті белгілі бір санаттағы азаматтарға берудің, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап өтті.

Жеңіс Қасымбек туристік кластер қалыптастырудың перспективалары және Ұлытау ауданында қажетті жол инфрақұрылымы, сондай-ақ, Балқаш көлі аймағы мен Қарқаралы ауданында туризм саласын жаңғырту туралы баяндады.

Президент Қарағанды облысындағы көктемгі су тасқыны жағдайын мұқият бақылауға алып, төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті дайындық шараларын жүргізуді тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT