ҚР Президентіне Алматыда қашықтан оқытуды ұйымдастыру жайы баяндалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жұмыс сапарымен жүрген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпфункционалды «SEN» музыкалық орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Орталықты аралап көру барысында Қазақстан Президентіне мегаполистегі қосымша білім беру инфрақұрылымын дамыту, сапасын күшейту және оған баратын балалардың санын көбейту ісі жөнінде мәлімет берілді.

Жуырда Алматы қаласында екі көпсалалы оқушылар сарайын, бірнеше дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар мектептен тыс ұйымдар жаңғыртылады және спорт алаңдары қайта жөндеуден өткізіледі.

Мемлекет басшысына оқушылардың қашықтан сапалы оқуын және кезекші сыныптарды ұйымдастыру, сондай-ақ, мұқтаж оқушыларды планшетпен, ноутбукпен және компьютермен қамтамасыз ету жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев көпфункционалды орталықтың жұмысымен танысып, заманауи, кәсіби музыкалық құрылғылармен жабдықталған дыбыс жазатын студиялар мен оқу сыныптарын аралап көрді. Орталықтың ғимараты шу естіртпейтін арнайы материалдардан жасалған.

Қазіргі уақытта жеке білім беру мекемесінде жас дарынды оқушыларға 20 педагог дәріс жүргізуде.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді.

Қ.Тоқаев шаһарға сапарын И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалынан бастады.

Сондай-ақ Алматының Индустриялық аймағында болды. Қазақстандық «Hyundai Trans Kazakhstan» зауытының іске қосылуға дайындығын тексеріп, Республика алаңындағы қайта жөндеуден өткен «Алмалы» демалыс аумағын аралап көрді.




Соңғы жаңалықтар