ҚР Президентін Бейжіңдегі Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысуға шақырды

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай Үкіметінің Еуразия елдеріне қатысты істер жөніндегі арнаулы өкілі Ли Хуэй Қазақстан Президентіне келесі жылы Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуға шақыруын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Үкіметінің Еуразия елдеріне қатысты істер жөніндегі арнаулы өкілі Ли Хуэйді қабылдады.

Қытайлық дипломат Қазақстан Президентіне келесі жылы Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуға шақыруын табыстады.

«Олимпиада кезінде қазақстандық спортшылар өздерін үйлеріндегідей сезінуі үшін барлық қажетті әрі қолайлы жағдай жасалады», – деді қытай тарапы.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Хуэйді өзара тиімді қазақ-қытай ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.


Соңғы жаңалықтар