Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

ҚР Президенті жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді

2018 жылғы 15 қазан 17:04 4802
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге келді. Елбасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішімен танысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде алдымен «Дару жарығы» офтольмологиялық орталығына барады. Заманауи технологиямен жабдықталған орталықта 6 ота жасау залы бар. Стационар алпыс кереуетке шақталған, емхана күніне 500 адамды қабылдай алады. Жергілікті дәрігерлерден құралған мамандар шетелдің үздік емханаларынан тәжірибеден өтіп келді. Жүзеге асырылған жобаның жалпы құны 3,8 млрд. теңге.
Сонымен қатар, балаларды оңалтуға арналған «Аяла» орталығы ашылады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру шарасы жүргізіліп, қатерлі ісікке шалдыққан балаларға ерекше күтім жасалады. Орталықты «Русская медная компания» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салып берді. Жоба құны - 500 миллион теңге. 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT