ҚР Президенті жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді, деп хабарлайды өңірдегі "ҚазАқпарат" тілшісі.

Сапар бағдарламасына сай Мемлекет басшысының Көкшетау қаласындағы жаңадан салынған "Достық үйі" және "Теннис орталығының" ашылуына қатысуы көзделген. Сондай-ақ Елбасының өңірдегі бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарда болуы жоспарлануда.

Сапар кезінде Елбасының бірқатар нысандарды аралауы, егін орағы науқанына дайындық барысымен танысуы, сондай-ақ өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесуі жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар