ҚР Президенті: Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алу қажет

None
None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Бұл туралы  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында өтіп жатқан «Ұлытау – 2019» Халықаралық туристік форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың  Twitter -дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет»,-деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы  Ұлы ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейтіндігін, ата-бабалардың аманатына адал болу – бізге сын екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар