ҚР Президенті жолдауы: Ұлттық ұланның насихат тобы Алматы облысын аралады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол!» халыққа Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихат тобы Алматы облысына келді. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі офицері Дархан Мұқанов хабарлады.

2014 жылы 21-24 қараша аралығында ақпараттық-насихат тобы Алматы облысындағы сапары барысында Талдықорған, Текелі, Есік қалаларында, Қызылағаш, Үшқоңыр, Бекболат, Заречный, Маловодное елді мекендерінде болып, жергілікті халықпен, ардагерлермен, әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерімен, мемлекеттік билік органдары, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен, студенттермен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізді.

Елді мекендерде Ұлттық ұланның Орталық Ән-би ансамблі Тұңғыш Президент күніне арналған концерттер қояды.

Делегация жұмыс сапарын Талдықорған қаласындағы Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан бастады. Одан әрі Талдықорған қаласында облыстық мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар, ардагерлер мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев және «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясаты» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Ақпараттық-насихат тобы жұмысының негізгі мақсаты Елбасымыздың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол!» халыққа Жолдауын ел арасында кеңінен насихаттау, жергілікті жұртшылықты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметімен таныстыру, өңір жастарын қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге үлес қосу», - деді топ жетекшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Мұхаметқали Сатов.

Ұлттық Ұланның ақпараттық-насихат тобы 25 қарашадан бастап, өз жұмысын Алматы қаласында жалғастырмақ.

Соңғы жаңалықтар